HP LaserJet Professional P1100/P1560/P1600 Басып шығарғыш серияларын
орнату бойынша ескертулер
1-шығарылым, 3/2009
I. КІРІСПЕ
БҰЛ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛ КІМГЕ ҚАЖЕТ?
БАСПА ЖҮЙЕСІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІНЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ
ықшам дискіден орнатуға арналған соңғы пайдаланушы бағдарламалық құрал компоненттері
HP Smart Install бағдарламасына арналған соңғы пайдаланушы бағдарламалық құрал компоненттері
II. БЕЛГІЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ЖҰМЫС ҮРДІСТЕРІ
HP SMART INSTALL БАҒДАРЛАМАСЫН ПАЙДАЛАНЫП БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫН ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ОРНАТУ
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ CD-ROM ДИСКІМЕН WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕ ОРНАТУ
CD-ROM дискісінен басып шығару жүйесін орнату
HP LASERJET P1100W БАСЫП ШЫҒАРҒЫШ СЕРИЯЛАРЫН ОРНАТУ ҮШІН ҚОСЫМША НҰСҚАУЛАР
НЕГІЗГІ ДРАЙВЕРЛЕРДЕН БАСҚА ДРАЙВЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН HP SMART INSTALL БАҒДАРЛАМАСЫН АЖЫРАТУ
HP SMART INSTALL БАҒДАРЛАМАСЫН ЖЕЛІЛІК ӨНІМДЕРДЕ АЖЫРАТУ
БАСЫП ШЫҒАРҒЫШТЫ ҚОСУ АРҚЫЛЫ ОРНАТУ
HP LaserJet Professional P1100 басып шығарғыш сериялары үшін жою бағдарламасын іске қосу
HP LaserJet Professional P1100 басып шығарғыш сериялары үшін жою бағдарламасын іске қосу
HP БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ — ҚОСЫМША АҚПАРАТ
САУДА БЕЛГІСІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУЛЕР
Бұл құжатта арнайы орнату бойынша нұсқаулар мен басып шығару жүйесін орнатудың және пайдаланудың алдында сіз білуге тиісті басқа ақпарат берілген. HP LaserJet бағдарламалық құралы төмендегі операциялық жүйелермен жұмыс істейді:
· Windows XP (32 биттік және 64 биттік)
· Windows Server 2003 (32 биттік және 64 биттік)
· Windows
· Windows Server 2003 (32 биттік және 64 биттік)
Ескертпе: Бұл HP LaserJet бағдарламалық құралы Windows 95, Windows 98, Windows ME, Windows NT, Windows 2000 және Windows Server 2000 жүйелерін қолдамайды.
Басқа жүйелерді орнатуға қатысты нұсқауларды байланысты орнату туралы ескертулерінен, оқып шығуға арналған файлдардан немесе сол жүйеге қатысты өнім ақпаратынан қараңыз.
Бұл файлда арнайы орнату, үйлесімділік және ақаулықтарды жою туралы ақпарат берілген. Құрылғы мүмкіндіктері мен драйвер мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу үшін құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын және әрбір бағдарламалық құрал компонентімен берілетін электрондық анықтаманы қараңыз.
Барлық пайдаланушыларға HP LaserJet Professional P1100/P1560/P1600 басып шығарғыш серияларын қолдану үшін осы басып шығару жүйесінің бағдарламалық құралы қажет болады.
CD-ROM дискісінде IBM үйлесімді компьютер жүйелеріне және Apple Macintosh (және үйлесімді) жүйелеріне арналған бағдарламалық құрал бар. Белгілі бір драйвер немесе бағдарламалық құрал туралы қосымша ақпарат алу үшін оның байланысты электрондық анықтамасын қараңыз.
Драйвер құрылғы мүмкіндіктерін қолданатын қолданбаларды қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал болып табылады. Әдетте, сізге әрбір құрылғы үшін драйверлерді орнату керек. Құрылғыңызбен бірге келген басып шығару жүйесінің бағдарламалық құралының CD-ROM дискісі төмендегі Windows драйверлерін қамтиды:
· HP LaserJet Professional P1100/P1560/P1600 басып шығарғыш сериялары басты компьютерге негізделген баспа драйвері
Осы құрылғыға арналған кейбір драйверлер интернеттен жүктеуге қолданылады. Бұл драйверлер:
· Windows (тек қана P1600 басып шығарғыш сериялары үшін) жүйесіне арналған PCL5 әмбебап баспа драйвері
· HP LaserJet Professional P1100/P1560/P1600 басып шығарғыш сериялары XPS баспа драйвері
· HP LaserJet принтері нұсқаулығы
· Пайдаланушы нұсқаулығы (Windows Анықтама форматы)
· HP жабдықтар дүкені
· HP тұтынушы қатысатын бағдарламасы
Драйвер құрылғы мүмкіндіктерін қолданатын қолданбаларды қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал болып табылады. Әдетте, сізге әрбір құрылғы үшін драйверлерді орнату керек. Құрылғымен бірге келген баспа жүйесі бағдарламалық құралының CD-ROM дискісінде төмендегі Windows драйверлері бар:
· HP LaserJet Professional P1100/P1560/P1600 принтер серияларының хостты баспа драйвері
Осы құрылғыға арналған кейбір драйверлер интернеттен жүктеуге қолданылады. Бұл драйверлер:
· HP PCL5 әмбебап баспа драйвері (тек қана P1600 принтер сериялары үшін)
· HP LaserJet Professional P1100/P1560/P1600 принтер сериялары XPS баспа драйвері
· HP LaserJet принтер нұсқаулығы
Қосымша драйверлерін Hewlett-Packard таратушысынан немесе онлайн көздерінен алуға болады. Драйверлер мен басқа HP бағдарламалық құралын алу туралы қосымша ақпарат алу үшін осы құжаттың «Техникалық көмек» бөлімін немесе құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Acrobat Reader бағдарламасының соңғы нұсқасы http://www.adobe.com/ деген Adobe веб-торабында бар.
Төмендегі құжаттар басып шығару жүйесінің бағдарламалық құралының CD-ROM дискісінде қол жетімді:
· Құжат: HP LaserJet Professional P1100 принтер сериялары пайдаланушы нұсқаулығы
Файлдың аты: LJP1100_use.chm
Жол: <
· Құжат: HP LaserJet Professional P1100/P1560/P1600 принтер сериялары орнату ескертпелері
Файлдың аты: Installnotes.htm
Жол: <CD-ROM дискісі>:\<Тіл>\Installnotes.htm
· Құжат: HP LaserJet Professional P1560/1600 принтер сериялары пайдаланушы нұсқаулығы
Файлдың аты: LJP1560-LJP1600_use.chm
Жол: <
· Құжат: HP LaserJet Professional P1100/P1560/P1600 принтер сериялары орнату ескертпелері
Файлдың аты: Installnotes.htm
Жол: <CD-ROM дискісі>:\<Тіл>\Installnotes.htm
Жою утилитасы Windows HP баспа жүйесінің компоненттерін жоюға мүмкіндік береді. Қосымша ақпарат алу үшін «Жою бағдарламасы» бөлімін қараңыз.
· Белгілі бір жоғары жылдамдықты USB 2.0 карталары қол қойылмаған басты бақылау драйверлерімен бірге беріледі. Егер сіз USB 2.0 бағдарламалық картасын сатып алып, қол қойылмаған драйвер болса, сізге драйверді орнату мәселелері немесе құрылғы мен HP бағдарламалық құралы арасындағы байланыс мәселелері кездесуі мүмкін. Сіздің әрдайым Microsoft WHQL сертификатталған басты бақылау драйверін USB аппараттық құралымен пайдалануыңыз ұсынылады.
· Қосу және ойнату баспа драйверінің пакеттерін интернетте төмендегі URL мекенжайынан алуға болады:
http://www.hp.com/support/LJP1100series
http://www.hp.com/support/LJP1560series
http://www.hp.com/support/LJP1600series
· Ең төменгі жүйе талаптарына ғана сәйкес келетін жүйлердегі функциялар шектеулі болуы мүмкін. Көптеген кескіндерді немесе бейнелерді пайдалану үшін рұқсат етілетін жұмысқа және сенімділікке қойылатын жүйелік талаптарға сай жүйе қажет.
· Ақаулықтарды жою және орнату
Егер құрылғы танылмаса:
· HP компаниясы Windows жүйесінің жаңалау қолдау көрсетілетін нұсқасына жаңартудың алдында HP құрылғыларын жоюыңызды ұсынады. Мысалы, Windows XP нұсқасын Windows Vista нұсқасына жаңартқан кезде, HP құрылғысын Жою бағдарламасы немесе «Бағдарламаларды қосу/жою» терезесі арқылы жойып, жаңа операциялық жүйеге жаңартыңыз. Операциялық жүйені жаңартқаннан кейін HP құрылғысын төмендегі URL мекенжайындағы соңғы бағдарламалық құрал арқылы қайта орнатыңыз:
http://www.hp.com/support/LJP1100series
http://www.hp.com/support/LJP1560series
http://www.hp.com/support/LJP1600series
· Microsoft Wordpad бағдарламасы RTF файлының құрамындағы сығылған JPEG файлдарын көрсетпейді. Бұл файлдарды көрсету үшін Microsoft Word сияқты басқа бағдарламаны пайдаланыңыз.
HP LaserJet баспа жүйесінің бағдарламалық құралының белгілі мәселелерінің жаңартылған тізімін көру үшін төмендегі URL мекенжайларынан HP LaserJet Professional P1100/P1560/P1600 принтер серияларының құрылғыға қолдау көрсету беттерін қараңыз:
http://www.hp.com/support/LJP1100series
http://www.hp.com/support/LJP1560series
http://www.hp.com/support/LJP1600series
HP LaserJet баспа жүйесінің бағдарламалық құралының шешілген мәселелерінің жаңартылған тізімін көру үшін төмендегі URL мекенжайларынан HP LaserJet Professional P1100/P1560/P1600 принтер серияларының құрылғыға қолдау көрсету беттерін қараңыз:
http://www.hp.com/support/LJP1100series
http://www.hp.com/support/LJP1560series
http://www.hp.com/support/LJP1600series
Пайдаланылатын операциялық жүйенің және драйвер нұсқасының драйверді жүктеу бетіндегі «Нұсқауларды көру» немесе «Readme файлы» сілтемесін пайдаланыңыз.
Windows ортасында қолданған кезде CD-ROM баптау немесе орнату бағдарламалық құралы қолданыстағы операциялық жүйе нұсқасы мен тілін анықтайды.
ЕСКЕРТПЕ: Әкімші артықшылықтары Windows XP немесе Windows Vista операциялық жүйесіне баспа жүйесін орнату үшін қажет.
1. USB кабелін компьютер және принтерге жалғаңыз.
2. HP Smart Install бағдарламасы автоматты түрде іске қосылады. Егер HP Smart Install бағдарламасы 30 секундтан кейін іске қосылмаса, 3-5 қадамдарды орындаңыз.
3. Тапсырмалар тақтасындағы Бастау мәзірінен Іске қосу тармағын таңдаңыз.
4. «Шолу» түймесін басыңыз. HP Smart Install деп аталатын жаңа CDROM дискісі пайда болады. Осы дискіні шолыңыз.
5. SISetup.EXE файлын таңдап, Ашу түймесін, содан кейін OK түймесін басыңыз.
6. Нұсқауларды орындаңыз.
1. Веб шолғыштың мекенжай жолына құрылғының IP мекенжайын жазыңыз.
2. HP Smart Install қойындысын басыңыз.
3. Жүктеу түймесін басыңыз.
4. Нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: әкімші артықшылықтары Windows XP немесе Windows Vista операциялық жүйесіне баспа жүйесін орнату үшін қажет.
1. USB/параллель кабелін компьютер жүйесіне қоспаңыз.
2. Барлық бағдарламаларды жабыңыз.
3. CD-ROM дискісін салыңыз.
4. Егер HP баспа жүйесін орнату бағдарламасы 30 секундтан кейін іске қосылмаса, 5-7 қадамдарды орындаңыз.
5. Тапсырмалар тақтасындағыБастау мәзірінен Іске қосу тармағын таңдаңыз.
6. CD-ROM дискісіндегі түбірлік каталогты шолыңыз.
7. Setup.EXE файлын таңдап, Ашу түймесін, содан кейін OK түймесін басыңыз.
8. Нұсқауларды орындаңыз.
HP LaserJet Professional P1100w сериялы принтер Wi-Fi 802,11 б/г желілік қосылымын қолдайды. Принтерді орнатар алдында сымсыз маршрутизатор немесе кіру нүктесі дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Қажет болып қалатын жағдайлар үшін сымсыз желі конфигурациясы туралы ақпаратты қол жететін жерде сақтаңыз.
HP Smart Install бағдарламасының және дискінің (PCL5E немесе XPS) ішіндегі стандартты орталықтандырылған драйверден басқа драйверді USB арқылы пайдаланғыңыз келсе, әуелі компьютердегі немесе принтердегі HP Smart Install бағдарламасын тоқтату қажет болады.
1. USB кабелін компьютер мен принтерге жалғаңыз.
2. HP Smart Install бағдарламасы автоматты түрде іске қосылады. Орталықтандырылған драйверді орнатпай, бағдарламадан шығу.
3. CD-ROM дискісін салу
4. Орнату бағдарламасы автоматты түрде іске қосылады. Орталықтандырылған драйверді орнатпай, бағдарламадан шығы4ыз.
5. Дискідегі UTIL каталогын шолыңыз.
6. HPSmartInstallConfig.EXE файлын таңдап, Ашу түймесін, содан кейін OK түймесін басыңыз.
7. Бұл утилитада екі таңдау мүмкіндігі болады. Бірінші опция компьютердегі HP Smart Install бағдарламасын ажыратады, принтер басқа компьютердерге жалғанған кезде жұмыс істеп тұра береді. Екінші опция HP Smart Install бағдарламасын принтерден ажыратады. Осы опция таңдалған кезде, бұл утилита қайтадан қосылмайынша, принтер HP Smart Install бағдарламасын ешбір компьютерде қоспайды.
Әкімші қажет етсе, HP Smart Install бағдарламасын желілік принтерлерден ажыратуға болады.
1. Веб шолғыштың мекенжай жолына құрылғының IP мекенжайын жазыңыз.
2. Параметрлер қойындысын таңдаңыз.
3. «Баспа параметрлері» мәзірін таңдаңыз.
4. USB арқылы HP Smart Install бағдарламасын орнатуды тоқтату үшін USB HP Smart Install бағдарламасын қосупараметрін Жоқ мәніне қойыңыз.
5. Желі арқылы HP Smart Install бағдарламасын орнатуды тоқтату үшін SB HP Smart Install бағдарламасын жүктеу опциясын көрсету параметрін Жоқ мәніне қойыңыз.
HP LaserJet принтерін «Принтерлер» қалтасындағы Microsoft Принтер қосу мүмкіндігі арқылы да орнатуға болады. Сондай-ақ, бұл Принтер қосу шебері немесе APW ретінде белгілі. APW нұсқаулары Windows жүйесінің басқа нұсқаларында аздап өзгереді. APW арқылы орнату үшін әуелі жоғарыдағы нұсқаулардың көмегімен HP Smart Install бағдарламасын ажыратуыңыз қажет.
WinXP APW орнату
1. HP LaserJet P1100/P1560/P1600 сериялы принтер қуат көзіне қосылмағанына және компьютерге жалғанбағанына көз жеткізіңіз.
2. Бастау мәзіріндегі басқару панелін көрсетіп, «Принтерлер мен факстар» тармағын таңдаңыз.
3. «Принтер қосу» түймесін, содан кейін “Принтер қосу шеберіне қош келдіңіз” экранындағы «Келесі» түймесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өнім жергілікті немесе желілік принтер ме деп сұралған кезде, «Жергілікті принтер» тармағын таңдаңыз (Бұл әдепкі таңдау болып табылады). Автоматты түрде анықтау құсбелгісін алып, «Қосу және ойнату принтерім» құсбелгі көзін белгілеңіз. «Келесі» түймесін басыңыз.
6a. Егер USB арқылы орнатсаңыз және HP LaserJet P1100/P1560/P1600 принтер серияларын орнатып қоймаған болсаңыз, USB порты әлі орнатылмаған болады. Бұл қалыпты жағдай. LPT1 портын таңдаңыз: Келесі түймесін басыңыз.
6b. Егер USB арқылы орнатып, HP LaserJet P1100/P1560/P1600 принтер серияларын орнатып және қосып қойсаңыз, USB порты орнатылады. Осы USB портын таңдап, Келесі түймесін басыңыз.
Ескертпе: HP LaserJet P1100/P1560/P1600 принтер серияларын қосып қойған бірдей физикалық USB портына қосқаныңызға көз жеткізіңіз.
7. «Диск бар» тармағын таңдап, орнатылатын HP LaserJet P1100/P1560/P1600 сериялы драйвердің орнын көрсетіңіз.
8. Егер бірнеше таңдау берілсе, принтердің моделін таңдап, Келесі түймесін басыңыз.
9. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
10. Принтерді қосу сұралған кезде, HP LaserJet P1100/P1560/P1600 сериялы принтерді компьютерге қосып, жалғаңыз.
Ескертпе: Егер осы кезде HP LaserJet P1100/P1560/P1600 сериялы принтерін қосу сұралмаса, орнату аяқталған кезде оны компьютерге қосып, жалғаған жөн.
11. Орнатып болғанша экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Орнатып болған соң, принтер драйверінің екі көшірмесі жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайда біріншісін жасалғанын жойған жөн. Әдетте оның аты принтердің моделімен бірдей болады. Қанша драйвер жасалғанын тексеру үшін және біріншісін жою үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз
1. Бастау мәзірінен Параметрлер тармағын көрсетіп, Принтерлер тармағын таңдаңыз.
2. Егер «HP LaserJet P1100/P1560/P1600 сериялы» және «HP LaserJet P1100/P1560/P1600 сериялы (2-көшірме)» екеуі де болса, атауында «2-көшірме» барын жоймаңыз. Оның орнына «HP LaserJet P1100/P1560/P1600 сериялы» деп аталатын бірінші драйверді жойыңыз.
Бұл кезде «HP LaserJet P1100/P1560/P1600 сериялы (2-көшірме)» драйвері арқылы басып шығаруға дайын боласыз.
PCL5e тіліне тек HP LaserJet Professional P1600 принтер серияларында қолдау көрсетіледі.
PCL5e драйвері интернетте төмендегі URL мекенжайында орналасқан:
http://www.hp.com/support/LJP1600series
XPS драйвері принтермен бірге жеткізілген бағдарламалық құралдың CD дискісінде және интернетте төмендегі URL мекенжайында орналасқан:
http://www.hp.com/support/LJP1100series
http://www.hp.com/support/LJP1560series
http://www.hp.com/support/LJP1600series
XPS драйверін орнату үшін Принтер қосу шеберін пайдаланыңыз.
Баспа жүйесін орнатып болғаннан кейін, HP баспа жүйесінің барлық компоненттерін жою үшін жою бағдарламасын пайдаланыңыз.
1. Бастау мәзірінің HP LaserJet Professional P1100 сериялы бағдарламалар тобындағы жою белгішесін басыңыз.
2. Баспа жүйесі барлық баспа компоненттерін жоюға нұсқау береді.
1. Бастау мәзірініңHP LaserJet Professional P1560-P1600 сериялы бағдарламалар тобындағы жою белгішесін басыңыз.
2. Баспа жүйесі барлық баспа компоненттерін жоюға нұсқау береді.
Төмендегі қызметтердің кейбіреулері тек
Құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын немесе жәшік ішіндегі қолдау парақшасын қараңыз немесе жергілікті өкілетті HP делдалымен хабарласыңыз.
Онлайндық техникалық қолдау үшін төмендегі URL мекенжайларының біреуін қарап шығыңыз:
http://www.hp.com/support/LJP1100series
http://www.hp.com/support/LJP1560series
http://www.hp.com/support/LJP1600series
Принтердің драйверін тарату орталықтары, басқа онлайндық қызметтер, факс қызметтер және басқа онлайндық қолдау сияқты бағдарламалық құрал мен қолдау туралы ақпаратты алудың қосымша әдістеріне арналған құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Adobe ®, Acrobat ® және Adobe ® PostScript ® 3(TM) – Adobe Systems корпорациясының сауда белгілері.
Microsoft ®, Windows ®, Windows NT ® және Windows ® XP – Microsoft корпорациясының
UNIX ® - Open тобының тіркелген сауда белгісі.
Толық кепілдік және қолдау туралы ақпаратты құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
© Copyright 2008 Hewlett-Packard Development Company, L.P.
Авторлық құқық заңдары бойынша рұқсат берілгеннен басқа жағдайларда, жазбаша келісімсіз қайта көшіріп басуға, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.
Мұнда берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен және қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мәлімдемелерінде беріледі. Осы құжаттағы ештеңе қосымша кепілдік деп түсіндірілмеуі тиіс. HP компаниясы осы құжаттағы техникалық немесе редакторлық, не болмаса жіберіліп кеткен қателер үшін жауапты емес.
Сымсыз WPA өтінуші бағдарламаның құралын іске қосу, (c) 2003-2005 авторлық құқықтары бар WPA өтінуші Jouni Malinen [jkmaline@cc.hut.fi] және қатысушылары пайдаланылған көздер,
қайта тарату және өзгертілген немесе өзгертілмеген көз және бинарлық пішімінде пайдалану төменгі шарттар орындалған кезде рұқсат етіледі:
- Көз кодын қайта таратылуында жоғарыдағы авторлық құқық мәлімдемесі, бұл шарттар тізімі және келесі бас тарту болуға тиіс.
- Бинарлық пішімдегі қайта тарату құжаттамада және/немесе таратуындағы басқа материалдарда жоғарыдағы авторлық құқық мәлімдемесі, осы шарттар тізімін және келесі бас тарту көрсетілуге тиіс.
- Бағдарламалық құралдан шығарылған өнімдерді мақұлдау немесе жарнамалау үшін иесінің есімін, қатысушылардың есімдерін арнайы жазбаша рұқсатсыз пайдалануға болмайды.